«Өзгелер туралы ойланыңыз! Қан тапсырыңыз! Өмірмен бөлісіңіз!» атты ұранмен донорлық акция өтті
«Өзгелер туралы ойланыңыз! Қан тапсырыңыз! Өмірмен бөлісіңіз!» атты ұранмен донорлық акция Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, 2024 жылғы 13 – інші желтоқсанда қан орталығында серіктестеріміз «AQNIET» «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ ШҚО филиалы және «JanSushi» мейрамханасының қолдауымен «Өзгелер туралы ойланыңыз! Қан тапсырыңыз! Өмірмен бөлісіңіз!» атты ұранмен донорлық акция өтті. Акцияның мақсаты-науқастардың өміріне мән беретін барлық тұрғындарды қан тапсыруға шақыру, өйткені қан және оның компоненттерін тапсыру мәселесі медицинадан әлдеқашан асып, бүкіл қоғамның мүдделерін қозғайтын әлеуметтік мәселеге айналды. Донорлық қан- хирургиялық оталарда, жарақаттарда, қан жоғалту, гематологиялық ауруларда, күйік шалу және басқа да ауыр сырқат кезінде науқасты құтқаруға қабілетті негізгі құралдардың бірі болып табылады. Өйткені, ешқандай қымбат дәрі донорлық қанға тең келмейді. Бұл күні 50 астам шығысқазақстандықтар ерікті өтеусіз қан донорларының қатарына қосылды. Елдегі өтеусіз донорлар санының артуы-бұл ұлт бірлігі мен қоғамның мейірімділігінің көрсеткіші. Акцияның барлық қатысушыларына науқастарға көмек көрсеткендері үшін алғыс айтамыз. Осы күні барлық өтеусіз донорларға серіктестеріміз: «AQNIET» «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ ШҚО филиалы, «Қазақстан» шоколадын және «JanSushi» мейрамханасына 20% жеңілдікке сертификаттар табыс етілгенін атап өткім келеді: Бұл әлемді мейірімді ететін адамдар бар. Құрметті донорлар, жақсылықтың жарқын сәулесімен жарқырап, науқастардың өмірін сақтап қалуда аянбай көмек көрсеткендеріңіз үшін Сіздерге мың алғыс!