Бүгін қан орталығының қызметкерлері «Super-Dent S. A.» ЖШС стоматологиялық клиникасының қызметкерлері арасында қан донорлығы және гемопоэтикалық дің жасушалары (ГДЖ) туралы кездесу өткізді

Бүгін қан орталығының қызметкерлері «Super-Dent S. A.» ЖШС стоматологиялық клиникасының қызметкерлері арасында қан донорлығы және гемопоэтикалық дің жасушалары (ГДЖ) туралы кездесу өткізді

 

Бүгін қан орталығының қызметкерлері «Super-Dent S. A.» ЖШС стоматологиялық клиникасының қызметкерлері арасында қан донорлығы және гемопоэтикалық дің жасушалары (ГДЖ) туралы кездесу өткізді. Трансфузиолог-дәрігер Сандуғаш Кулиманова өтеусіз қан донорлығының барлық маңызды сәттерін баяндап, ГДЖ донорларының қатарына қосылуға ниет білдірушілерді ГДЖ донорларының тізіліміне кіруге шақырды. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың белгісі. Донорлық – адам өмірін сақтап қалудың бір ортақ мақсатын шешу үшін айналаңыздағы адамдармен бірігудің бір жолы. Донорлар қан мен оның компоненттерін өтеусіз тапсырып, бірден бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады. Олар өздері танымайтын, белгісіз адамның өмірін сақтау үшін өз жанының бір бөлшегін беруге дайын жандар. Әрқайсымыз жасай алатын игі істер арқылы өз әлемімізді жақсартайық! Біздің облысымыздың қан донорлығына қатысыңыз және бұл туралы достарыңыз бен жақындарыңызға айтыңыз! Мүмкін сіз біреудің өмірін сақтап қаласыз!

Донордың киім кодыА(II) және АВ(IV) теріс резусты қан тобының донорларын донацияға шақырамыз

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33