Құрметті әріптестер, ардақты дәрігерлер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Дәрігер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – адам өмірі мен денсаулығы сияқты ең қымбат құндылықпен байланысты қызмет атқарып жүрген сіздерге шынайы алғыс пен ризашылығымызды білдіретін ерекше күн.
Сіздер – үміт пен тірек, әрқашан көмекке бірінші болып келетін, мейіріммен, сабырмен және кәсіби шеберлікпен адамдарға күш, қуаныш және болашаққа сенім сыйлайтын жандарсыздар.
Дәрігер болу – тек білім мен тәжірибені ғана емес, сонымен қатар өзгенің қайғысын сезіне алатын, шаршауға қарамай көмек қолын созатын үлкен жүректі иелену деген сөз.
Сіздердің еңбектеріңізді санмен өлшеу мүмкін емес – әрбір құтқарылған адамның артында ұйқысыз түн, дәл қойылған диагноз, дер кезінде қабылданған шешім және адамгершілік тұрғысынан қамқорлық жатыр.
Құрметті дәрігерлер! Сіздерге зор денсаулық, рухани күш, сарқылмас энергия және кәсіби табыс тілейміз!
Әр күніңіз сүйікті ісіңізден қуаныш сыйласын, ал науқастардың алғысы жүректеріңізді жылытып тұрсын.
Жан-жағыңызда әрдайым әріптестеріңіздің, отбасыңыз бен достарыңыздың құрметі мен қолдауы болсын.
Жақсылықтарыңыз еселеніп қайтсын, өмірлеріңізде күлкі мен мақтанышқа толы сәттер көп болсын!
Мерекелеріңізбен! Дәрігер күнімен!

