Өскемен ЖЭО-да Донор күні!
4 желтоқсанда «Өскемен жылу электр орталығы» ЖШС-де Донор күні өтті. Таңертеңнен бастап кәсіпорында ұйымшылдық, мейірімділік және жауапкершілік атмосферасы орнады – қызметкерлер қан тапсырып, өмірді құтқару сияқты маңызды іске атсалысуға келді.
ЖЭО-дағы донорлық – ұжым мүшелерін өзара көмек идеясымен біріктіретін игі дәстүрге айналды. Әрбір қатысушы бір реттік донация үш адамға дейін өмір сыйлай алатынын жақсы түсінеді, ал бұл – науқастардың өмірге қайта оралуына мүмкіндік береді.
ЖЭО қызметкерлері тағы да мейірімділіктің, азаматтық жауапкершіліктің және айналасындағыларға қамқорлық танытудың үлгісін көрсетті. Олардың үлесі ауруларға, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге және отаға мұқтаж адамдарға арналған қан қорын толықтыруға көмектеседі.
Қан орталығы барлық қатысушыларға олардың жанашырлығы, мейірімділігі және белсенді өмірлік ұстанымы үшін ризашылығын білдіреді. Ізгі істеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтсын!

