Цк Мира менеджер: Бүгін Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінде облыстық қан орталығының мамандары 10–11 сынып оқушыларына қан донорлығы тақырыбында мазмұнды әрі маңызды дәріс өткізді.
Цк Мира менеджер: Бүгін Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінде облыстық қан орталығының мамандары 10–11 сынып оқушыларына қан донорлығы тақырыбында мазмұнды әрі маңызды дәріс өткізді.
05.12.2025
Оқушыларға донордың жолы – тіркеуден бастап медициналық тексеруге, қан тапсыру рәсіміне және одан кейінгі қалпына келу кезеңіне дейін – жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ қарсы көрсетілімдер туралы да айтып, қандай жағдайларда донор болу уақытша немесе толық шектелетінін, әрі донор мен реципиенттің қауіпсіздігі үшін талаптарды сақтау неге маңызды екенін түсіндірді.
Сонымен қатар, мектеп оқушылары қан тапсыруға қандай жастан бастап рұқсат етілетінін, қандай нормалар мен ережелер бар екенін, сондай-ақ ерікті донорлықтың адам өмірін құтқарудағы маңызы зор екенін білді.
Мұндай кездесулер жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына және адамдарға көмек көрсету сияқты игі іске қатысудың маңызын түсінуіне ықпал етеді.