Донорлармен ішкен бір кесе хош иісті шай!

Донорлармен ішкен бір кесе хош иісті шай!

2024 жылдың 29 тамызында ШҚ облыстық қан орталығының базасында ШҚО Қызыл Жарты Ай қоғамы еріктілері мен қан орталығының қызметкерлері ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне және қала күніне арналған донорлық акция өтті. Іс-шара барысында қатысушылар қан тапсырып қана қоймай, донорлық туралы көптеген қызықты нәрселерді білуге мүмкіндік алды. Еріктілер донорлық үрдіс, оның қан компоненттерін алушылар үшін де, донорлардың өздері үшін де маңызы мен пайдасы туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті. Бұл күні біздің іс-шараға келген әрбір адам естелік кәдесый алып, бір кесе хош иісті шай ішті. Акцияның барлық қатысушыларына мейірімді жүректері үшін алғыс айтамыз! Келесі іс-шараларға бізге қосылыңыз және әлемді жақсартуға көмектесіңіз!

«Қамқорлық- ізгілікке бастар жол»”Мектепке жол”

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33