Мектеп экскурсиялары-бұл балалар үшін ұмытылмас уақыт, олардың естеліктері өмір бойы есте қалады

Мектеп экскурсиялары-бұл балалар үшін ұмытылмас уақыт, олардың естеліктері өмір бойы есте қалады

Бүгін, 2024 жылғы 02 ақпанда «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК «№24 орта мектебі» КММ оқушыларына жас ұрпақ арасында қан донорлығын белсенді насихаттау мақсатында қан орталығына экскурсия ұйымдастырды.

Орталыққа  тоғыз бен он жас аралығындағы 25 бала келді. Оқушылар донордың барлық жолынан өтіп, донорлардың қан тапсырғанын өз көздерімен көріп, қан тобы мен гемоглобинді қалай анықтайтынын білді. Әр кезеңде қан орталығының мамандары балаларға өз жұмыстары және қан донорлығының ағзаға  пайдасы туралы айтып берді.

Экскурсияның алғашқы минуттарынан бастап балалар көргендеріне қатты қуанды және экскурсиядан  кейін олар болашақта медицина саласында жұмыс істейтіндерін, міндетті түрде өтеусіз  донор болатындарын айтты.

Мәдени іс – шара көкжиекті кеңейтуге және білім қосуға ғана емес, сонымен қатар сыныпты біріктіруге көмектеседі. Біз бүгін қан орталығына келіп, балаларға донордың жолын көрсеткенімізге өте қуаныштымыз. Өйткені, донорлар-өзгелерге өмір сыйлайтын адамдар, соның арқасында дәрігерлер бүкіл әлемде әр минут сайын науқастардың өмірін сақтап қалады!»- деп атап өтті экскурсияны ұйымдастырушы.

Экскурсия соңында балаларға біздің демеушіміз “Ейрамед” ЖШС-нен гематоген табыс етілді.

ПРОТОКОЛ ИТОГОВ ЗЦП №3 от 02.02.2024г.«Согра ЖЭО» ЖШС-де донор күні өтті

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33