Ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға көмек беру

Ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға көмек беру

2024 жылғы 20 қарашада «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК-да донор күні өтті. Ана мен бала орталығы донорлық күндерге тұрақты түрде қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының бірі. Осы күні донорлық қан тапсыруға 50 медицина қызметкерлері қатысты, олардың ішінде: медбикелер, әртүрлі бейіндегі дәрігерлер. «Қан тапсыру – жанашырлықтың көрінісі және мұқтаж адамдарға көмектесуге деген ұмтылыс. Егер денсаулық сақтау ұйымдарында емделіп жатқан науқастар осындай көмекке мұқтаж болса, олардың өмірін сақтап қалу-әрқайсымыз үшін аса маңызды!»- деп атап өтті медицина қызметкерлері. Қан құю ежелден қуатты емдік құрал болып саналды және кейде науқастың өмірін сақтап қалудың жалғыз әдісі болып табылады. Қазіргі кезеңде клиникалық тәжірибеде тұтас қан емес, оның компоненттері, сондай-ақ қанға негізделген препараттар қолданылады. Денсаулық сақтау ұйымдарын қан компоненттерінің қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін жасанды жолмен өндірілмейтін, тек адамнан алынатын донорлық қанның жеткілікті мөлшерін үнемі жинап отыру қажет. Құрметті донорлар! Қанның бір бөлігін беру арқылы сіз басқаларға аман қалуға физикалық тұрғыдан көмектесіп қана қоймай, жомарт жаныңыздың бір бөлігін бересіз. Сіз әлемді жақсы жаққа өзгертесіз және бұл ризашылыққа лайық.

 

Донорлық мектебіҚұрметті шығысқазақстандықтар!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33