23–24 сәуір күндері Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығы базасында «Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық қатысумен XIV Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

23–24 сәуір күндері Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығы базасында «Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық қатысумен XIV Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Конференцияның пленарлық отырысын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Сәрсенбаева Гульнар Еділқызы ашып, қазіргі денсаулық сақтау жүйесіндегі бұл саланың маңыздылығын атап өтті.
Конференция гибридті форматта (офлайн және онлайн трансляция) ұйымдастырылып, оған өндірістік және клиникалық трансфузиология саласының мамандары, сондай-ақ Қазақстаннан бөлек Ресей, Қырғызстан, Армения, Эстония, Беларусь, Өзбекстан, Қытай, БАӘ, Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Венгрия, Тунис және Германия елдерінің мемлекеттік және үкіметтік емес денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының қан қызметі атынан конференцияға облыстық қан орталығының директоры С.А.Шмурыгина және донорларды қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысы Г.У.Матаева қатысты.
Екі күнге созылған мазмұнды бағдарлама барысында қан қызметінің алдында тұрған негізгі мәселелер мен сын-қатерлер, сондай-ақ трансфузиялық терапияны жетілдіру және оны медицинаның басқа салаларымен ықпалдастыру жолдары талқыланды.
ШҚО қан орталығының директоры Шмурыгина Светлана Александровна тромбоциттерді жеке іріктеу бойынша өңірлік HLA-зертхананың жұмыс тәжірибесін таныстырды.
Осындай халықаралық деңгейдегі конференцияларға қатысу жаңа идеялар мен заманауи тәсілдермен танысуға, басқа елдердегі қан қызметінің жұмысымен салыстыруға, жаңа деректер мен талдауларға қанығуға, сондай-ақ кәсіби ортадан шабыт алуға мүмкіндік береді.
Конференция соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға мазмұнды әрі нәтижелі бағдарлама, жоғары кәсіби деңгей және ұсынылған тақырыптардың өзектілігі үшін алғыс білдірді.

Мейірімді дәстүр – бірлескен нәтижеАнонс

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33