28 ақпан, Алғыс айту күні қарсаңында қан орталығының қызметкерлері өздерінің сүйікті донорларына алғыстарын білдіріп, ШҚО Қызыл Жарты Ай қоғамының филиалы серіктестерімізден «Рахмет донор!» білезіктерін сыйлады

28 ақпан, Алғыс айту күні қарсаңында қан орталығының қызметкерлері өздерінің сүйікті донорларына алғыстарын білдіріп, ШҚО Қызыл Жарты Ай қоғамының филиалы серіктестерімізден «Рахмет донор!» білезіктерін сыйлады

28 акпан, Алғыс айту күні қарсаңында қан орталығының қызметкерлері өздерінің сүйікті донорларына алғыстарын білдіріп, ШҚО Қызыл Жарты Ай қоғамының филиалы серіктестерімізден «Рахмет донор!» білезіктерін сыйлады. Құрметті донорлар! Осындай ғажайып күнде біз сіздерге ең шынайы ризашылық сөздерін айтқымыз келеді. Донацияға келген сайын сіздер үміт пен мүмкіндікті және ең бастысы – көмекке мұқтаж адамдарға өмір сыйлайсыздар. Сіздердің мейірімді жүректеріңіз, жанқиярлық көмектеріңіз және ең құндысын бөлісуге дайын болуларыңыз – бұл нағыз ерлік. Сіздердің арқаларыңызда дәрігерлер пациенттерді құтқарып, балалар қайтадан күлімсірей алады, ал отбасылар жақындарын жоғалтпайды. Қайырымдылық пен жауапкершіліктеріңізге және қоғам денсаулығына баға жетпес үлес қосқандарыңыз үшін алғыс айтамыз! Жасаған жақсылықтарыңыз, ерте ме, кеш пе мың еселеніп қайтады. Құрметпен және ризашылықпен, ШҚО қан орталығының ұжымы

Құрметті ШығысқазақстандықтарАИТВ-ға қарсы бірге

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33