«TerumoBCT ТМД 2025: мамандарды біріктіретін технологиялар»
2025 жылғы 03 қазанда Шымкент қаласында Қан компоненттері технологияларын дамытуға арналған TerumoBCT ТМД 2025 халықаралық конференциясы өтті. «Қанның сапалы және қауіпсіз компоненттерін қамтамасыз ету үшін қанды өңдеудің озық технологияларын пайдалану» конференциясы ТМД және еуропа елдерінің жетекші мамандарын біріктірді. Шараға Шығыс Қазақстан облысынан ШҚО қан орталығының директоры Светлана Шмурыгина қатысты.
Іс-шара қазіргі заманғы трансфузиялық медицина саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналды. Конференция модераторы Е.Б.Жибурт-трансфузиолог дәрігер, кафедра меңгерушісі, РАЕН академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген дәрігері (Мәскеу қ.).
Конференция барысында жетекші сарапшылар мен клиницистер баяндама жасап, қан қызметінің заманауи шешімдерінің әлеуетін, сондай-ақ қан компоненттері өндірісінің тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.
Қатысушыларға TerumoBCT компаниясының инновациялық шешімдерінің, соның ішінде қан өңдеудің кешенді технологияларының тұсаукесері ұсынылды. Бұл технологиялар қан компоненттерін дайындау, өңдеу және сақтау сапасын жақсартуға бағытталған, бұл әсіресе медициналық стандарттардың қарқынды дамуы жағдайында маңызды.
Конференция аясында Шымкент қаласының қалалық қан орталығына экскурсия өтті, онда TerumoBCT шешімдерінің жұмысының жанды көрсетілімі ұйымдастырылды. Қатысушылар қолданылатын технологиялардың тиімділігіне көз жеткізіп, мамандарға сол жерде сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.
Мұндай іс-шаралар медициналық көмектің сапасын арттыруға, кәсіби қоғамдастықты дамытуға және қан қызметінің жұмысына инновациялық тәсілдерді енгізуге ықпал етеді.


