«Women’s day!» ұранымен дәстүрлі донорлық акция
«Романтик Ука» @romantic.uka, «Алматы букет» @almatybuket_uka гүлдер салоны және «ИмбирьОК» зімбір пряниктері мен десерттерінің шеберханасы серіктестеріміздің қолдауымен 2025 жылдың 07 наурызында, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қан орталығында «Women’s day!» ұранымен дәстүрлі донорлық акция өтті. Акцияның негізгі мақсаты-донорлыққа тарту және қан мен оның компоненттерін үнемі тапсыратын әйел донорларды ынталандыру. Бұл күні облыстық қан орталығының қызметкерлері барлық донорларды мерекелік көңіл-күймен қарсы алды. Бірінші қабатта қонақтарымыз үшін ерекше, мерекелік атмосфераны қалыптастыратын нәзік музыка ойналды. Сондай-ақ, кез-келген қонақ мерекелік баннердің фонында естелік үшін, мерекелік үшін, ерекше және есте қаларлық фотосуреттер түсіре алды. Және де, ең бастысы, бұл күні біздің барлық өтеусіз әйел донорларымыз донациядан кейінгі мерекеге орай серіктестерімізден гүл шоқтары мен зімбір печеньесі түріндегі сыйлықтарын алды. Құрметті біздің донорлар! Жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні – 8 наурыз! Көктемнің басталуы, табиғаттағың жандануы, алғашқы жылулық. Құрметті арулар, шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын. Табиғаттың әсемдігі шабыт берсін. Көктемнің басы өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін! Мейрамдарыңызбен! Акцияның барлық қатысушыларына үлкен алғыс айтамыз!