МӘМС

МӘМС енгізу тарихы 2014 жылғы 17 қаңтар – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында “міндетті медициналық сақтандыруды енгізу туралы мәселені зерделеу қажет. Мемлекеттің, жұмыс берушінің және жұмыскердің оның денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігі – медициналық қызмет көрсетудің барлық жүйесінің басты қағидаты”. 2015 жылғы 6 мамыр – Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Астанада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі “100 нақты қадамды” белгіледі. Мәселен, осы жоспардағы 80-ші қадам Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді көздейді. Сондай-ақ мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті (МСАК) басымдықпен қаржыландыру. Алғашқы көмек аурулардың алдын алу және оларға қарсы ерте күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады.

2015 жылғы 16 қараша – Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында “міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы”ҚР Заңы қабылданды. Құжат мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі қағидаты негізінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бөлігінде реформаларды іске асыруға бағытталған. Заң, атап айтқанда, коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құруды көздейді. 2016 жылғы 13 мамыр – “денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы” ШЖҚ РМК базасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құру жөніндегі жобалық кеңсе құрылды. 2016 жылғы 23 тамыз-ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Заңының жобасын әзірледі, ол жақын арада ҚР Үкіметінің қарауына енгізіледі.

МӘМС туралы заң

Ақша қаражатының қозғалыс сызбасы ФОСМС Буклет орыс нұсқасы ФОСМС Буклет казахская версия Қазақстанда МӘМС енгізу бойынша сұрақтар мен жауаптар буклеті Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелде емдеу Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын емдеуді жүзеге асыратын шетелдік клиникалардың тізімі Мүгедектікті ресімдеу бағыты Вакцинациядан кейін жанама әсерлерді анықтау моделі

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33