Қанды тестілеу бөлімі

Зертхана бөлімінің меңгерушісі – Екімцева Елена Анатольевна, зертхана маманы, 228-кабинет
Каримова Айнұр Құмарқанқызы – зертхана маманы
Мұхаметқалиева Ксения Павловна – зертхана маманы
Кенжебекқызы Самал – зертхана маманы
Құсманова Даяна Нұрлыбекқызы – дәрігер-зертханашы
Полукарова Ольга Николаевна – аға фельдшер-зертханашы
Аришина Анастасия Александровна – зертханашы
Боровикова Анна Андреевна – зертханашы
Кравцова Алена Евгеньевна – зертханашы
Канцерова Ксения Сергеевна – зертханашы
Клиновицкая Татьяна Сергеевна – зертханашы
Куркина Каролина Алексеевна – зертханашы
Осербаева Мейрамгүл Оқанқызы – санитар
Смағұлова Күлмира Ақанқызы – санитар
Мунусова Мария Сапарбекқызы – санитар
Асаубаева Арай Түсіпханқызы – санитар

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  1. Қолданыстағы бұйрықтардың талаптарына сәйкес донорларды қан және оның компоненттерін донацияға дейінгі кезеңдерде тексеруді жүзеге асыру.
  2. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін донор қанының үлгілерін дайындауды жүзеге асыру.
  3. Донор қанына зертханалық зерттеулер жүргізу (иммуногематологиялық, биохимиялық, гематологиялық, HLA-зерттеулер).
  4. ОЗ және ВКОЦК жоспарына сәйкес өтінім бойынша иммуногематологиялық стандарттарды (АВО жүйесінің диагностикалық стандартты эритроциттері, резус жүйесі, Келл жүйесі) дайындау.
  5. Мемлекеттік тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде ВКО ОЗ реципиенттерін иммунологиялық тексерумен қамтамасыз ету.
  6. Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына пациенттердің қанын иммуногематологиялық зерттеу мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсету.
  7. Субмердігерлік және ақылы негізде зертханалық зерттеулер жүргізу.
  8. Ағза (ағзаның бөлігі) және (немесе) тін (тіннің бөлігі) трансплантациясын жүзеге асыратын ұйымдар үшін реципиенттер мен олардың донорларына барлық түрдегі иммунологиялық зерттеулерді қамтамасыз ету.
  9. Донорлық ағзаларды трансплантациялауға арналған күту парағында тұрған реципиенттерді иммунологиялық тексеруден өткізу.
  10. Тіндерді және (немесе) ағзаларды трансплантациялауға мұқтаж реципиенттердің сарысуларын жинауды ұйымдастыру.
  11. Трансплантацияланған ағзалар мен тіндердің сіңісуін иммунологиялық бақылау үшін HLA-зерттеулер жүргізу.
  12. Зертханалық зерттеулер сапасын ішкі зертханалық сапаны бақылау жүргізу және зертханалық зерттеулердің сыртқы сапасын бағалау бағдарламасына қатысу арқылы арттыру.

Бөлім функциялары:

  1. Донор қанының үлгілеріне АВО қан тобы, резус-тиістілік, Келл антигенінің бар-жоғына бастапқы және бақылау зерттеу жүргізу.
  2. Донор қан сарысуын эритроцитарлық аллоиммундық антиденелердің болуына зерттеу.
  3. Донор эритроциттерінің резус және Kell жүйесі антигендері бойынша фенотиптеу жүргізу.
  4. Донор қанын реципиентке жеке іріктеу, сондай-ақ ВКО денсаулық сақтау ұйымдарының реципиенттеріндегі АВО және резус жүйелерінің күрделі қан топтарын нақтылау.
  5. ОЗ өтінімі немесе жеке жүгіну бойынша субмердігерлік немесе шарттық негізде пациенттерге зертханалық зерттеулер жүргізу.
  6. Иммуногематологиялық зерттеулерде қолданылатын донор қан үлгілерін іріктеу және АВО, резус, Келл жүйелерінің диагностикалық стандартты эритроциттерін дайындау.
  7. Донор қан үлгілерінде биохимиялық көрсеткіштерді анықтау: аланинаминотрансфераза белсенділігі, жалпы ақуыз, қанның ұю уақыты.
  8. Донорларға гематологиялық зерттеулер жүргізу: гемоглобин (гематокрит), жалпы қан талдауы, ЭТЖ.
  9. Донор қанын безгек қоздырғышына (көрсеткіштер бойынша) тексеру.
  10. Реципиенттер мен донорларда HLA жүйесі бойынша фено- және генотиптеу, кросс-матч сынамасын қою, бүйрек трансплантациясы кезінде HLA-антиденелердің бар-жоғын, спецификалығын және сенсибилизация деңгейін анықтау.
  11. Туыстық донорлардан гемопоэтикалық бағаналы жасушалар (сүйек кемігі) трансплантациясы кезінде HLA класы 1 және 2 антигендері бойынша генотиптеу жүргізу.
  12. Күту парағына енгізілген және енгізілетін реципиенттерде HLA генотиптеу, HLA-антиденелердің бар-жоғын, спецификалығын және сенсибилизация деңгейін анықтау.
  13. Ағза (тін) трансплантациясынан өткен реципиенттерде трансплантациядан кейінгі HLA-антиденелер мониторингін жүргізу.
  14. Лимфоцитотоксикалық тест негізінде HLA-фенотипті ескере отырып, реципиенттерге қан компоненттерін (тромбоциттер) жеке іріктеу.
  15. Гематологиялық, биохимиялық, иммуногематологиялық, серологиялық және молекулалық-генетикалық зерттеулердің сапасы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ішкі зертханалық сапаны бақылауды жүргізу.

Бекітілген есептік-есеп беру құжаттамасын жүргізу.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33