Зертхана бөлімінің меңгерушісі – Екімцева Елена Анатольевна, зертхана маманы, 228-кабинет
Каримова Айнұр Құмарқанқызы – зертхана маманы
Мұхаметқалиева Ксения Павловна – зертхана маманы
Кенжебекқызы Самал – зертхана маманы
Құсманова Даяна Нұрлыбекқызы – дәрігер-зертханашы
Полукарова Ольга Николаевна – аға фельдшер-зертханашы
Аришина Анастасия Александровна – зертханашы
Боровикова Анна Андреевна – зертханашы
Кравцова Алена Евгеньевна – зертханашы
Канцерова Ксения Сергеевна – зертханашы
Клиновицкая Татьяна Сергеевна – зертханашы
Куркина Каролина Алексеевна – зертханашы
Осербаева Мейрамгүл Оқанқызы – санитар
Смағұлова Күлмира Ақанқызы – санитар
Мунусова Мария Сапарбекқызы – санитар
Асаубаева Арай Түсіпханқызы – санитар
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- Қолданыстағы бұйрықтардың талаптарына сәйкес донорларды қан және оның компоненттерін донацияға дейінгі кезеңдерде тексеруді жүзеге асыру.
- Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін донор қанының үлгілерін дайындауды жүзеге асыру.
- Донор қанына зертханалық зерттеулер жүргізу (иммуногематологиялық, биохимиялық, гематологиялық, HLA-зерттеулер).
- ОЗ және ВКОЦК жоспарына сәйкес өтінім бойынша иммуногематологиялық стандарттарды (АВО жүйесінің диагностикалық стандартты эритроциттері, резус жүйесі, Келл жүйесі) дайындау.
- Мемлекеттік тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде ВКО ОЗ реципиенттерін иммунологиялық тексерумен қамтамасыз ету.
- Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына пациенттердің қанын иммуногематологиялық зерттеу мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсету.
- Субмердігерлік және ақылы негізде зертханалық зерттеулер жүргізу.
- Ағза (ағзаның бөлігі) және (немесе) тін (тіннің бөлігі) трансплантациясын жүзеге асыратын ұйымдар үшін реципиенттер мен олардың донорларына барлық түрдегі иммунологиялық зерттеулерді қамтамасыз ету.
- Донорлық ағзаларды трансплантациялауға арналған күту парағында тұрған реципиенттерді иммунологиялық тексеруден өткізу.
- Тіндерді және (немесе) ағзаларды трансплантациялауға мұқтаж реципиенттердің сарысуларын жинауды ұйымдастыру.
- Трансплантацияланған ағзалар мен тіндердің сіңісуін иммунологиялық бақылау үшін HLA-зерттеулер жүргізу.
- Зертханалық зерттеулер сапасын ішкі зертханалық сапаны бақылау жүргізу және зертханалық зерттеулердің сыртқы сапасын бағалау бағдарламасына қатысу арқылы арттыру.
Бөлім функциялары:
- Донор қанының үлгілеріне АВО қан тобы, резус-тиістілік, Келл антигенінің бар-жоғына бастапқы және бақылау зерттеу жүргізу.
- Донор қан сарысуын эритроцитарлық аллоиммундық антиденелердің болуына зерттеу.
- Донор эритроциттерінің резус және Kell жүйесі антигендері бойынша фенотиптеу жүргізу.
- Донор қанын реципиентке жеке іріктеу, сондай-ақ ВКО денсаулық сақтау ұйымдарының реципиенттеріндегі АВО және резус жүйелерінің күрделі қан топтарын нақтылау.
- ОЗ өтінімі немесе жеке жүгіну бойынша субмердігерлік немесе шарттық негізде пациенттерге зертханалық зерттеулер жүргізу.
- Иммуногематологиялық зерттеулерде қолданылатын донор қан үлгілерін іріктеу және АВО, резус, Келл жүйелерінің диагностикалық стандартты эритроциттерін дайындау.
- Донор қан үлгілерінде биохимиялық көрсеткіштерді анықтау: аланинаминотрансфераза белсенділігі, жалпы ақуыз, қанның ұю уақыты.
- Донорларға гематологиялық зерттеулер жүргізу: гемоглобин (гематокрит), жалпы қан талдауы, ЭТЖ.
- Донор қанын безгек қоздырғышына (көрсеткіштер бойынша) тексеру.
- Реципиенттер мен донорларда HLA жүйесі бойынша фено- және генотиптеу, кросс-матч сынамасын қою, бүйрек трансплантациясы кезінде HLA-антиденелердің бар-жоғын, спецификалығын және сенсибилизация деңгейін анықтау.
- Туыстық донорлардан гемопоэтикалық бағаналы жасушалар (сүйек кемігі) трансплантациясы кезінде HLA класы 1 және 2 антигендері бойынша генотиптеу жүргізу.
- Күту парағына енгізілген және енгізілетін реципиенттерде HLA генотиптеу, HLA-антиденелердің бар-жоғын, спецификалығын және сенсибилизация деңгейін анықтау.
- Ағза (тін) трансплантациясынан өткен реципиенттерде трансплантациядан кейінгі HLA-антиденелер мониторингін жүргізу.
- Лимфоцитотоксикалық тест негізінде HLA-фенотипті ескере отырып, реципиенттерге қан компоненттерін (тромбоциттер) жеке іріктеу.
- Гематологиялық, биохимиялық, иммуногематологиялық, серологиялық және молекулалық-генетикалық зерттеулердің сапасы мен дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ішкі зертханалық сапаны бақылауды жүргізу.
Бекітілген есептік-есеп беру құжаттамасын жүргізу.


