Біздің қызметкерлер – біздің мақтанышымыз!

Біздің қызметкерлер – біздің мақтанышымыз!

Ракишева Аяжан Аскенқызы «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – ШҚ ОҚО) қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінің (бұдан әрі-Қ ж КДБ) екінші санатты медбикесі. Өскемен медициналық колледжін үздік бітіріп, 2016 жылы ШҚ ОҚО-да жұмысын бастады. Компоненттерді өндіру бөлімшесінің медбикесі лауазымына қабылданды, содан кейін эксфузионист медбике лауазымына ауыстырылды. Жұмыс барысында Қ ж КДБ стационарлық және көшпелі жағдайларда донорлардан қан алу әдістемесін игерді. Қысқа мерзімде ол барлық байланысты лауазымдардағы жұмысты игерді: медициналық тіркеуші, бақылаушы-буып-түюші, жгутист. АВО және резус жүйесі бойынша донорлардың қан тобын анықтаудың заманауи әдістерін меңгерген. Өскемен қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарында көшпелі жағдайларда қанды жаппай дайындауға белсенді қатысты. Стационарлық жағдайларда және мамандандырылған автокөлік жағдайында қан дайындау кезінде жаңа жабдықты енгізуге белсенді қатысып, аппараттық плазмоцитаферез әдістерін меңгерген. Донорларға қызмет көрсетуде жоғары жылдамдықты көрсетеді. Донорлармен сыпайы, мұқият, мейірімді. Ұжымның қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысады.

Тәртіпті және әріптестер арасында құрметті. Өскемен қаласының медициналық колледжі базасында мамандандырудан өтіп, өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып отырады. Бірнеше рет кәсіпорынның құрмет грамоталарымен марапатталды.

Бүгін Аяжан Аскенқызы медицина қызметкері күніне орай жанқиярлық еңбегі, жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Автор: Мустафина М.А

«Погондардағы донорлар»Гематоген – барлық донорларға!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33