«Жарқын мереке – Жаңа жыл!»

«Жарқын мереке – Жаңа жыл!»

Жаңа жыл қарсаңында, 2023 жылғы 27-інші желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында: «Шығыс-Сүт корпорациясы» ЖШС, «Шығысэнерготрейд» ЖШС, «АльфаМедГрупп» ЖШС, «Poolcity» балалар бассейні ЖШС және «EiraMed» ЖШС серіктестеріміздің қолдауымен  «Науқастардың өмірін сақтап қалғанын үшін рахмет саған донор» атты ұранмен  донорлық акция өтті.

Таңертеңнен бастап бірінші қабатта жаңа жылдық әуен ойнап, облыстық қан орталығының қызметкерлері барлық донорларды мерекелік көңіл-күймен қарсы алды. Бұл күні донорлар қан орталығының қызметкерлері ұйымдастырған фото аймақты пайдаланып, естелік фотосуреттерге түсе алды, сонымен қатар  қан тапсырғаннан кейін мерекеге орай жайылған дастарханнан  дәм  татты. Және, әрине, ең бастысы, осы күні біздің барлық өтеусіз донорларымыз донациядан кейін сүйіспеншілікпен және ризашылықпен дайындаған біздің серіктестерімізден жаңа жылдық кәмпиттер жинақтары мен сүт өнімдерінің пакетін сыйлыққа алды.

Донорлық-әлеуметтік маңызы бар әрекет. Өмірді құтқару үшін қан тапсыру-дені сау адамдардың үлкен құрметке лайықты заманауи жалпы адамзаттық адамгершілік әрекеті.

Біз  жаңа жылдық акциямыздың өтуіне ат салысқан барлық серіктестерімізге үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздер біздің қолдаушымыз бен тірегімізсіздер. ШҚО-да өтеусіз қан тапсыру әрқашан халық арасында қолдау табатынын білу өте маңызды. Науқастардың өмірін сақтап қалуға көмек көрсеткендеріңіз үшін мың алғыс!  Бір-бірімізге көмектесу арқылы ғана біз көп нәрсеге қол жеткіземіз.  Жүрегіміз жақсылық пен мейірімділікке толы болса, біз жеңілмейміз!

Құрметті шығысқазақстандықтар, жаңа жыл қарсаңында Сіздерге өтеусіз қан донорлығын дамытуға қосқан баға жетпес үлестеріңіз үшін «Рахмет» айтамыз!

Жұмыс күніне қарамастан қан донациясына келіп, қан орталығына қан компоненттерін үздіксіз толықтыруға көмектескеніңіз үшін көп рахмет.Жаңа Жыл Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық,  баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін!

«Қабылдау қайта басталды»Жол көлік оқиғасы

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33