Жыл игі істермен басталды!

Жыл игі істермен басталды!

2024 жылдың 10 қаңтарында  облыстық қан орталығына “ШҚО қоғамдық даму басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығы”КММ қызметкерлері келді. Қонақтардың орталыққа келудегі  мақсаты-жаңа 2024 жылды игі істермен бастау және қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмектесу үшін қан тапсыру. Күн сайын біздің донорлар науқастардың өмірін сақтап қалуға барынша ат салысады!

Елестетіп көріңізші, сіз күн сайын біреуге өмір,сауығып кетуге үміт сыйлайсыз! 450 мл толық қан тапсыру арқылы сіз 3 науқастың өмірін сақтап қаласыз!

Құрметті “ШҚО қоғамдық даму басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ ұжымы сіздерге өзгенің қиыншылығына немқұрайлы қарамай,  жауапкершілікпен қан тапсырғандарыңыз үшін алғыс айтамыз!

Жұмыс күндеріңізге қарамастан, сіздер уақыт тауып, бүгін қан орталығына келіп, осылайша емдеу мекемелеріндегі науқастарға көмектесе алдыңыздар.

Сіздерге зор денсаулық және жұмыста табыс тілейміз!

«Өскемен Водоканал» МКК қызметкерлерінің таңы нысандарда басталған жоқ!2024 жылғы 17 қаңтарда «ШҚО бойынша Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ-да донор күні өтеді

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33