Жүректерінен жылулық төгілген жандар!

Жүректерінен жылулық төгілген жандар!

2024 жылдың 24 қаңтарында «Өскемен ЖЭО» ЖШС-де донор күні өтті.

«Қан алу бойынша іс-шара бізде 2018 жылдан бері өтуде. Өкінішке орай, біз жұмысқа байланысты донация үшін облыстық қан орталығына баруға  мүмкіндігіміз жоқ, алайда қазір ШҚОҚО көшпелі бригадасының арқасында жұмыстан шықпай-ақ қан тапсыра аламыз және сол арқылы қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмектесеміз. Бұған өте қуаныштымыз. Өйткені, науқастың жүзіндегі күлімсіреуді көргеннен  маңызды ештеңе жоқ!»- деп атап өтті «Өскемен ЖЭО» ЖШС – нің  қызметкерлері.

Бұл күні өтеусіз донорлар қатарына осы ұйымның 60 астам қызметкері кірді, осылайша ШҚО денсаулық сақтау ұйымдарының пациенттерін үздіксіз қамтамасыз ету үшін 17 литрге қан компоненттерінің қорларын толықтырды.

ШҚО-да өтеусіз донорлықты қолдағаны үшін «Өскемен ЖЭО» ЖШС – нің  директоры Нугуманов Данияр Токтаровичке зор алғысымызды білдіреміз.

Біздің барлық донорларымызға жасап жатқан игі істеріне зор алғысымызды білдіреміз!

 

Протокол итогов ЗЦП №1 от 26.01.2024г🩸Құрметті шығысқазақстандықтар!🩸

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33