Лайықты марапат

Лайықты марапат

Денсаулық сақтау жүйесіндегі көп жылғы адал еңбегі үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е.Көшербаевтың алғыс хатымен облыстық қан орталығының карантиндеу, ақауға шығару, уақытша сақтау және өнімді беру бөлімшесінің меңгерушісі Шакшанова Альмира Мұратқызы марапатталды.

Альмира Мұратқызы өзінің дәрігерлік қызметін 2010 жылы №2 Катонқарағай аудандық ауруханасында трансфузиологиямен байланыстырды. Аудандық ауруханада жұмыс істей отырып, ол созылмалы қан ауруларымен (қаназдық) сырқаттанатын науқастарға, әйел адамдарда босанғаннан кейінгі қан кету жағдайларында, хирургиялық ем кезінде пациенттерге трансфузиялық көмек көрсетті, осылайша олардың өмірін сақтап қалды. 2015 жылы Альмира Мұратқызы өзінің еңбек жолын Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында трансфузиолог-дәрігер лауазымында жалғастырды, осы мамандық бойынша жалпы еңбек өтілі- 12 жылды құрайды. Кәсіби еңбегі мен жұмысындағы жауапкершілігі үшін 2016 жылы өнімді беру тобының меңгерушісі болып тағайындалды. Оның қызметі тұтастай алғанда стационарлық көмек көрсететін ШҚО денсаулық сақтау ұйымдарын қанның қауіпсіз компоненттерімен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, Альмира Мұратқызы денсаулық сақтау ұйымдарының трансфузиология кабинеттерінің мамандарына басқа мамандықтардың дәрігерлеріне күн сайын консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді, трансфузиялық терапия және оның баламалы мәселелері бойынша дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлеріне оқытуды жүргізеді, демалыс және мереке күндеріне қарамастан күндіз де, түнде де олармен байланыста болады. Осы лауазымда жұмыс істеген уақытында ол өзін тәуліктің кез келген уақытында көмекке келуге дайын кәсіпқой маман ретінде көрсете білді. Оның еңбекқорлығы мен ұйымдастырушылық қабілеті назардан тыс қалмады және 2020 жылы Альмира Мұратқызы жемісті еңбегі мен денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін денсаулық сақтау Министрі Е.Біртановтың алғыс хатымен марапатталды.

Альмира Мұратқызын лайықты марапатымен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, еңбекте жеміс, шығармашылық табыс, кәсіби өркендеу тілейміз!

Авторы: Мустафина М.А.

«Жанартау» ұжымы өтеусіз қан донорларының қатарына қосылды!Өскемен қаласының және облыстың тұрғындарын ГДЖ донорларының қатарына қосылуға шақырамыз!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33