Науқастардың өмірін сақтап қалу үшін арнайы жедел әрекет ету жасағының жылдам реакциясы!

Науқастардың өмірін сақтап қалу үшін арнайы жедел әрекет ету жасағының жылдам реакциясы!

2023 жылғы 13 желтоқсанда «ШҚО полиция департаментінің жедел әрекет ету жасағы» ММ аумағында полиция қызметкерлері арасында донорлық күн өтті.

Ұжымның донорлық қозғалысқа қатысуы – бұл ШҚО қан орталығының гемоөнім банкінің баға жетпес қорларын толықтыру мүмкіндігі. Бір-екі сағаттық жұмыс барысында шамамен 11 литр донорлық қан дайындалды, ол мұқият медициналық тексеруден кейін ауыр хирургиялық ота жасатқан, жарақат алған, онкогематологиялық аурулары бар науқастарға, ауыр босанған әйелдерге көмек көрсету үшін ауруханаларға жіберіледі.

Ұйым аумағында өткен көшпелі донорлық акциялар қызметкерлерге жұмыстан қол үзбей, уақытты тиімді пайдаланып, донорлық қозғалысқа қатысуға мүмкіндік береді.

Шын жүректен, біз акцияның барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына, ерікті және өтеусіз қан тапсырған барлық донорларға «Рахмет» айтамыз! Мейірімді жүректеріңіз бен баға жетпес игілікті істеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз!

Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!«Қабылдау қайта басталды»

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33