Сенің күнің, Донор!

Сенің күнің, Донор!

23 маусым Қазақстанда мереке-полиция күні! Қазақстандық полиция күні-қазақстандық полицияны жанқиярлықпен құрып, оның қатарында еңбек еткендердің барлығына алғыс белгісі. Бұл өз ісіне адал қызмет ету арқылы халықтың құрметіне ие болған ардагерлеріне деген ризашылықтың көрінісі. Бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін бергендерге құрмет. Осындай мерекеге орай ШҚО полиция Департаменті өзінің барлық құрылымдық бөлімшелерінде «Сенің күнің, Донор!» атты ұранмен донорлық акция өткізді. Маусым бойы полиция қызметкерлері науқастарға көмектесу үшін қан тапсырады.

Бүгін, 2023 жылғы 07 маусымда донорлық күннің бірінші күні ШҚО бойынша полиция Департаментінде өтті. Бұл күні ___ – ден астам құқық қорғау органдарының қызметкерлері қан тапсырды.

«Мейірімділік – адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жанашырлығымен және таза ниетімен ерешеленеді. Мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады. Бүгін біз осындай игі істі бірінші болып бастау құрметіне ие болғанымызға өте қуаныштымыз. Біздің қанымыз науқастарға көмектеседі деп үміттенеміз. Барлық науқастарға тезірек сауығып кетуін тілейміз!» – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

ШҚО-да донорлықты қолдағаны үшін және осындай игілікті акцияны ұйымдастырғаны үшін полиция Департаментінің бастығына зор алғысымызды білдіреміз!

Құрметті біздің полицейлер, Сіздердің жұмыстарыңыз қауіпті, қиын, бірақ әрқайсымыз үшін өте маңызды. Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, сәттілік, отбасыларыңызға амандық, шыдамдылық, тілейміз. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атаққа абыройлы қызмет ете беріңіздер!

Акатаева Гүлназ ЕрікқызыБоровикова Анна Андреевна

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33