6699 ӘБ – дегі Донор күндері

6699 ӘБ – дегі Донор күндері

2024 жылғы 05 және 06 наурыз күндері «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК көшпелі бригадасы 6699 Әскери бөліміне барды. Әскери қызметшілер үшін қан орталығына келу жақсы дәстүрге айналды. Жұмысбастылықтарына қарамастан, олар уақыт тауып, үнемі қан тапсырады. Донорлық-бұл өзгелердің атынан жасалатын игілікті іс. Сіздің берген қаныңыз-құтқарылғандардың жүрегін жаңа күшпен соғуға мүмкіндік беретін ұшқын. Сіздің қаныңыз-үлкен құндылық! Сіз қан тапсыру арқылы науқастарға өмір, қуанышты сәттер сыйлайсыз. Көптеген адамдар өздері бұрын – соңды көрмеген адамдарға-өз еркімен қан берген донорларға өмірімен қарыздар. Екі күн ішінде _ _ әскери қызметші өтеусіз қан донорлары қатарына қосылды. Құрметті әскери қызметшілер, сіздерге тапсырған қаныңыз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Бар өмірін әскери іске арнап, елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып келе жатқан жауынгерлерімізге алғысымызды білдіреміз. Еңбектеріңіз жемісті болсын! Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.

№5 БҰС Хабарландыру 07.03.2024жДонорлық бағдаршам

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33