«Ұмытылмас экскурсия!»

«Ұмытылмас экскурсия!»

«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі-ШҚ ОҚО) 2024 жылғы 16 ақпанда «Л. Гумилев атындағы №38 гимназия»  КММ – нің 4 «А» сынып оқушыларына арнап қан орталығы бойынша экскурсия ұйымдастырды.

Бұл күні мектептің 25 оқушысы сынып жетекшісімен бірге ШҚ ОҚО қызметкерлері болып, донордың барлық жолынан өтті.

Ерікті өтеусіз қан доноры болу үшін не қажет екенін білді, қан тапсыруды көрді. Экскурсия барысында балаларды қызықтырған сұрақ: «Донорлық қанмен бұдан әрі не болатыны?»

Қанды, оның компоненттері мен препараттарын дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу, құю ұлттық ережелерінің талаптарына сәйкес барлық донорлық қан қанның алғашқы фракциялау блогына түседі, онда ол заманауи жабдықтың көмегімен компоненттерге бөлінеді. Бөлінгеннен кейін қан компоненттері қан компоненттерінің иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лейкофильтрациядан, вирусинактивациядан өтеді. Компоненттерді  фракциялау залынан кейін қан компоненттері карантиндеу, жою және уақытша сақтау бөлімшесіне беріледі. Бұл бөлімшеде қан компоненттеріне  іріктеу жүргізіледі,  құюға жарамды компоненттер өнімді беру тобына (бұдан әрі – ӨБТ) беріледі, ал жарамсыз компоненттер жойылады. ӨБТ – нан  қан компоненттері пациенттерге құю үшін стационарлық көмек көрсететін ШҚО денсаулық сақтау ұйымдарына беріледі.

Экскурсия соңында балаларға біздің демеушіміз «Ейрамед» ЖШС-нен гематоген табыс етілді. Экскурсиядан кейін балалар болашақта қан доноры болатындықтарын айтты.

(RU) Протокол итогов №4-ЗЦП1 Наурыз-Алғыс Айту Күні!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33