Донорды қолдау қызметі

Құрметті ДОНОРЛАР!

Біздің орталықта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес,

ДОНОРДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ құрылды.

 

Егер СІЗ:

медициналық қызмет көрсету тәртібі мен сапасына байланысты проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, Сіз ДОНОРДЫ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқылысыз.

Сіз қызметке келесі тәсілдердің бірімен жүгіне аласыз:

1) 704222, 700405 телефондары бойынша,

2) қан орталығының № 232 кабинетіне ҚЫЗМЕТ мамандарының жеке өзіне.

3) өзіңіздің атыңызды, тегіңізді және байланыс деректеріңізді (телефон, мекенжай) көрсете отырып, жазбаша өтінішіңізді қан орталығының 1, 2 және 3-қабаттарындағы холлда орналасқан Өтініш жәшіктерінде қалдыра аласыз немесе оны: индексі 070016, Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11 мекенжайдағы пошта арқылы жібере аласыз.

Объективтілік және ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің өтінішіңіз комиссиялық түрде қаралатын болады.

Донорды қолдау және ішкі бақылау қызметі Сіздің өтінішіңізді «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III ҚРЗ (01.01.2020 ж.жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен) Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде қарайды және Сіздің өтінішіңізді қарау нәтижелері бойынша ақпарат береді.

Сізді қызықтыратын жалпы сипаттағы сұрақтар (донорлық туралы және т. б.) қан орталығының: www.vkock.kz сайтындағы Интернет-қабылдау бөлімінде.

Донорды қолдау және ішкі бақылау қызметі келесі бағыттар бойынша медициналық қызметтердің сапасын басқару жөніндегі ұйымның қызметін үйлестіретін құрылым болып табылады:

донорлардың мәселелерін (шағымдарын) олардың пайда болуына қарай және оңтайлы мерзімде, донорлардың қанағаттану дәрежесін зерделей отырып, сол жерде шешу;

ұйым қызметінің сапалық көрсеткіштерін әзірлеу және талдау;

ұйымның кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарының жай-күйі мен оларды пайдалану тиімділігін бағалау;

медициналық қызмет көрсету технологиясының денсаулық сақтау ұйымдарында белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау;

жұмыстағы ақаулардың алдын алуға және жоюға бағытталған және медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.

Қызмет құрамы:

Төрайымы: Т.Н.Войнова – сапаны бақылау жөніндегі жетекші;

Сапа және сәйкессіздіктерді бақылау жөніндегі сарапшы: О.Б.Зубова – СББ меңгерушісі;

Сапа жөніндегі сарапшы/хатшы: А.Б.Алтынқан – сапаны бақылау жөніндегі менеджер;

Қауіпсіздік бойынша сарапшы: Ж.К.Батырханова – ЕҚ және ҚТ жөніндегі инженері;

Инфекциялық бақылау бойынша сарапшы: С.М.Азтаева – эпидемиолог;

Орта және кіші медициналық персоналдың жұмысын бақылау жөніндегі сарапшы: Н.В.Булгакова – бас медбике;

Зертханалық іс бойынша сарапшылар: Г.У.Матаева – ЖДЗ меңгерушісі, Е.А.Ляхова – ҚТБ меңгерушісі.

 

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33