«Наурыз – жақсылықтың бастауы!» атты ұранмен акция

«Наурыз – жақсылықтың бастауы!» атты ұранмен акция

2023 жылдың 20 наурызында «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК -да серіктестеріміз “ДоДо” пиццерия желісі, Абай атындағы ШҚ гуманитарлық колледжі, ШҚО Қызыл Жарты Ай қоғамы филиалының қолдауымен «Наурыз-бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі!» атты ұранмен донорлық акция өтті. Акцияның негізгі мақсаты ұзақ мереке күндері қан компоненттерінің қорын толықтыру.

Бұл күні 70-тен астам адам қан мен оның компоненттерін тапсырды. Акцияға қан орталығының қызметкерлері адам өмірін сақтап қалу үшін донорлық қанның маңыздылығын түсіне отырып, белсенді қатысты.

Құрметті донорлар, егер сіз жақсылық пен игілік жолын таңдаған болсаңыз,онда таңдалған жолдан шегінбеңіз. Шынында да, сіз бен біздің өмірімізде бізге мүлдем таныс емес адамдар, үнемі қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастар кездеседі. Сіз және сіздің қаныңыз болмаса, біз медицина мамандары пациенттердің өмірін сақтай алмаймыз.

Бүгін азаматтық борышын көрсетіп, қан тапсыруға келген барлық донорларға алғысымызды білдіреміз. Баршаңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз және зор денсаулық тілейміз!

Осы күні барлық донорларға серіктестеріміздің кәдесый сыйлықтары мен пиццалары табысталды, олар туралы біз келесі басылымда айтатын боламыз.

Депутаттар сайлауына Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қызметкерлері қатыстыМейірімділіктің шегі жоқ!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33