«Өскемен қаласының №2 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК- да Донор күні өтті!

«Өскемен қаласының №2 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК- да Донор күні өтті!

Өтеусіз донорлық қанды дайындау мақсатында облыстық қан орталығы 2021 жылдың 10 – ыншы маусымы күні «Өскемен қаласының №2 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК – да Донор күнін өткізді. Таңертеңгі сағат 9.00-ден бастап жедел жәрдем кабинетінің жанында бізді қан тапсыруға ниет білдірген жандар күтіп алды. Олардың ішінде: емхана қызметкерлері, жедел жәрдем дәрігерлері және Өскемен қаласының тұрғындары да бар.
Өзін көзі ашық, көкірегі ояу және бойында адамгершілік қабілеті бар адам ретінде санайтын әрбір жан үшін өзгелерге көмектесу маңызды, ал денсаулықты сақтауға көмектесу екі есе маңызды болып табылады. Қан тапсыру-қоғамның әрбір мүшесінің маңызды миссиясы. Қан тапсыру арқылы адам басқа адамның өмірін сақтап, ауыр сырқаттар мен жарақаттарда, ауыр ота кезінде көмектесе алады.
Адамдарды құтқару үшін қан тапсырған барлық донорларға алғыс білдіреміз!

ШҚО ҚАЖДБүгін ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментінің 35 қызметкері, науқастарға көмектесу үшін қан тапсырды!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33