Жарқын мереке-Жаңа жыл!

Жарқын мереке-Жаңа жыл!

 Жаңа жыл қарсаңында, 2022 жылдың 29 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында серіктестеріміз: «Май» АҚ, «МилКом» ЖШС, «EiraMed» ЖШС, «Медициналық техника орталығы» ЖШС, «Алекс Оптика» ЖШС, ШҚО филиалының Қызыл Жарты Ай қоғамы және «Өскемен Ростов қуыршақ Аниматоры Ақ Аю құттықтауы» студиясының қолдауымен «Науқастардың өмірін сақтап қалғаның үшін, рахмет саған Донор» атты ұранмен донорлық акция өтті. Таңертеңнен бірінші қабатта жаңа жылдық музыка ойналды және Облыстық қан орталығының қызметкерлері Аяз Ата, Ақшақар және аюмен  бірге «Өскемен Ростов қуыршақ Аниматоры Ақ Аю құттықтауы» студиясы барлық донорларды мерекелік көңіл-күймен қарсы алды. Бұл күні донорлар қан орталығының қызметкерлері өздерінің сүйікті донорлары үшін жасаған фото аймақты пайдаланып, естелік фотосуреттерге  түсті. Екінші қабатта ШҚО филиалының Қызыл Жарты Ай қоғамы қолдауымен мерекелік дастархан жайылды. Және, әрине, ең бастысы, бұл күні біздің барлық өтеусіз донорларымыз донациядан кейін: тәттілер салынған пакеттер, жаңа жылдық кулектар  және донорларға біздің серіктестер сүйіспеншілікпен және ризашылықпен дайындаған сүт өнімдері мен күнбағыс майы салынған пакеттер сыйға таратылды. Донорлық-әлеуметтік маңызы бар әрекет. Өмірді құтқару үшін қан  тапсыру-дені сау адамдардың терең құрметке лайық заманауи жалпыадамзаттық адамгершілік әрекеті. Ол құтқарған әрбір адам донорға деген ризашылығын сезінеді, ал донордың өзі адам өмірін сақтауға қатысады. Жаңа жылдық акциямыздың өтуіне себепші болған барлық серіктестерімізге үлкен алғысымызды  білдіреміз, Сіздер біздің қолдауымыз бен тірегімізсіздер. ШҚО-да өтеусіз қан тапсыру әрқашан халық арасында қолдау табатынын білу өте маңызды. Әрқайсыңызға шексіз ризашылығымызды білдіреміз! Өйткені, бір-бірімізге көмектесу арқылы ғана біз көп нәрсеге қол жеткіземіз. Жақсылық жүректе  өмір сүрсе, біз жеңілмейміз! Құрметті шығыс қазақстандықтар, Жаңа жыл қарсаңында Сіздерге өтеусіз қан донорлығын дамытуға қосқан баға жетпес үлестеріңіз үшін «РАҚМЕТ»  айтамыз! Қарбаласқан күндеріңізге қарамастан, қан донациясына келіп, қан орталығына қан компоненттерін үздіксіз толықтыруға көмектескендеріңіз үшін алғыс айтамыз. Барлықтарыңызды келе жатқан 2023 Жаңа Жылмен  құттықтаймыз! Барлық армандарыңыз, барлық тілектеріңіз орындалып, таңғажайыпқа бөленіңіздер! Жыл бойына сәттілік, денсаулық, байлық және жан тыныштығын тілейміз! Ауырмаңыздар және дендеріңіз сау болсын!
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері ШҚ ОҚО – ның қан банкін 30 литр қанға толықтырдыДонорлық күнтізбе

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33