«Jusan Bank» АҚ Өскемен филиалында Донор күні өтті!

«Jusan Bank» АҚ Өскемен филиалында Донор күні өтті!

2023 жылғы 03 мамырда «Jusan Bank» АҚ Өскемен филиалында алғаш рет «Донор бол-өмірді құтқар!» атты ұранмен донорлық акция өтті.

Айта кету керек, жақында «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК аумағында «Jusan Bank» АҚ – ның арқасында банктің туған күніне орай шыршалар аллеясы отырғызылды, ал бүгін банк қызметкерлері өтеусіз қан доноры болды.

 

Бұл күні өтеусіз ерікті донорлық сияқты қайырымдылық акциясын қолдауға банктің _ _ _ _ _ астам мамандары жауап берді.

«Біз донорлықты, әдетте, апаттар немесе қайғылы оқиғалар кезінде ғана еске аламыз. Бірақ қайғылы оқиғалардан басқа, күн сайын жол апаттары болатынын, онкологиялық аурулардың өсіп келе жатқаның, хирургтардың ота жасайтынын ұмытпауымыз қажет. Бірде-бір адам ертең өзіңе немесе оның жақындарына донорлық қан қажет емес деп сенімді түрде айта алмайды. Сондықтан біз бәріміз донорлық қозғалысты қолдауға күш салуымыз керек!»- деп атап өтті «Jusan Bank»АҚ Өскемен филиалының директоры Ольга Федоренко.

Акцияның барлық қатысушыларына жауапкершіліктері мен жасап жатқан игі істері үшін үлкен рахмет!

Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!«Ер – елінің қорғаны!» донорлық акциясы

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33