«ШҚО бойынша Азаматтарға арналған үкімет МК» КЕАҚ донорлық күндерді

«ШҚО бойынша Азаматтарға арналған үкімет МК» КЕАҚ донорлық күндерді

Донорлық күнді өзіңізде ұйымдастыра отырып, Сіз науқастардың өміріне мүмкіндік бересіз!

2023 жылғы 02 наурызында «ШҚО бойынша Азаматтарға арналған үкімет «МК» КЕАҚ-да донорлар күні өтті. Ұйым қызметкерлері біздің іс-шараларымызға үнемі қатысады және облыстық қан орталығының қан банкін толықтырады. Бұл жолы 31 адам донор болды, ал іс-шараға барлығы 56 қызметкер қатысты.

Біз «ШҚО бойынша Азаматтарға арналған үкімет МК» КЕАҚ донорлық күндерді жүйелі түрде ұйымдастырып, өз қызметкерлеріне игі істер жасауға – өмірді сақтап қалуға мүмкіндік беретініне қуаныштымыз.

Іс-шарада «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы»ШЖҚ КМК көшпелі бригадасы қан алуды жүзеге асырды.

Донорлық күннің әрбір қатысушысына қайырымдылығы мен жауапкершілігі үшін алғыс айтамыз!

Наурыз айындағы «Донорлық күнтізбе»Хабарлама №7

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33