Донорлық күні

Донорлық күні

2023 жылдың 25 сәуірінде «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» тағы да донорлық акцияға қатысты. Болашақ донорлармен жұмыс істеу өте көңілді, сонымен бірге жауапты және ұйымшыл болып табылады. Бұл күні игі дәстүр бойынша донорлыққа тұрақты донорлармен қатар жаңадан донорлыққа ниет білдірген студенттер де болды.
Тәжірибелі донор студенттер жаңадан келгендердің әл-ауқаты мен көңіл-күйін бақылап, көңілдерін көтерді. Бірінші рет донорлық қанын тапсыратын студенттер курстастары мен қан орталығы қызметкерлерінің қамқорлығын ризашылықпен, ыстық ықыласпен қабылдады.

Не дейміз, достық студенттік ортада туады. Ал студенттер оқумен қатар, ортақ іске ынталы болса, бұл достық шынайы әрі берік болады! Қан тапсырған барлық донорларға өздерінің бастамалары мен өздері танымайтын адамдардың өмірін сақтап қалуға ниет білдіргені үшін алғыс айтамыз!

Шығыс Қазақстан облысының қан донорлығын қолдағаны үшін Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің директоры Фархад Саканович Құрмановқа және шараны ұйымдастырушы колледж фельдшері Омарова Мөлдір Жұмабайқызына ерекше алғысымызды білдіреміз.

Сенбілік- бұл ізгі дәстүр!Облыстық қан орталығына «Халық-Life» АҚ қызметкерлері келді

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33