Донор күні 27943 әскери бөлім

Донор күні 27943 әскери бөлім

2021 жылғы 20 – ыншы шілдеде мұсылмандар ең маңызды мерекенің бірі – Құрбан айт мерекесін атап өтті. Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаһқа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі. Ай күнтізбесі бойынша есептеу жыл сайын шамамен 10 күн айырмашылығымен өзгереді.
Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні мереке күні болып табылады.
2021 жылғы 21 және 22 шілдеде Құрбан айт мерекесіне орай 27943 әскери бөлімінің командирі Аслан Аманжолұлы Кітапбаевтың басшылығымен Өскемен горнизонында донорлық күндер өтті. Донорлық күннің негзгі мақсаты – қан тапсыру және сол арқылы қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмектесу. Қайырымдылық – адам жанының нұры. Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек болып табылады.Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Осынау қасиетті мерекеде науқастар үшін жасаған сауапты, игі істері үшін барлық әскери қызметшілерге зор алғысымызды білдіреміз. Сіздер – біздің сүйікті Отанымыздың сенімді тірегі болып табыласыздар. Еліміздің өркендеу жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмекШығыс Қазақстан облыстық қан орталығы иммундық плазманы дайындауды жаңартуда

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33