Біздің донордың туған күні

Біздің донордың туған күні

20 – ыншы мамыр біздің донорымыз-Рахимбаев Ринат Жанатұлының туған күні! Ринат Жанатұлы 2015 жылдан бастап қан доноры болып табылады. Оның қанының арқасында 20-дан астам адамның денсаулығы қалпына келтірілді және өмірі құтқарылды, олардың ішінде балалар, босанған әйелдер де бар. Ринат Жанатұлының бойынан мейірімділік, жауапкершілік, жомарттық сияқты қасиеттерді көруге болады.
Құрметті Ринат Жанатұлы сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын. Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа, шат күлкі мен махаббатқа, мейірім мен қамқорлыққа толсын! Әр сәт сізге тек бақыт пен қуаныш сыйласын!

«Донор –өмір сыйлаушы» балалар байқауыТуған күніңізде өмір сыйлаңыз!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33