«Донор бол!» ұранымен донорлық акция өтті

«Донор бол!» ұранымен донорлық акция өтті

2021 жылдың 09 қыркүйегінде Қасым Қайсенов кентінің тұрғындары үшін облыстық қан орталығы ШЖҚ КМК «Ұлан ауданының дәрігерлік амбулаториясы» және «Ұлан ауданының балалар – жасөспірімдер спорт мектебі» КММ – мен бірлесіп «Донор бол!» ұранымен донорлық акция өтті. Бұл күні қан тапсыруға Ұлан ауданының 30-дан астам тұрғыны келді. Мамандар атап өткендей, тұрғындар қан тапсыру рәсіміне жауапкершілікпен қарап және саналы түрде келді. Донорлардың әрқайсысы 450 мл қан тапсырды.
Полиция қызметкерлері Ұлан ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндірушілерімен бірге донорлық акцияға белсене қатысты.
Айта кетейік, 9 қыркүйекте үзілістен кейін алғаш рет облыстық қан орталығы Ұлан ауданының тұрғындарына көшпелі донорлық күнін өткізді. Мұндай тәжірибе болашақта да жалғасын табатын болады.
Акцияға қатысушылардың барлығына науқастардың өмірін құтқарып қалу мақсатында қан тапсырғандарыңа және ШҚО-да өтеусіз қан донорлығын қолдағандары үшін және үлкен рахмет айтамыз.

Истории наших доноров«ШҚО Әділет департаменті» РММ қызметкерлері облыстық қан орталығында болды

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33