«Мен – донормын!» атты ұранмен донорлық акция өтті

«Мен – донормын!» атты ұранмен донорлық акция өтті

2022 жылдың 21 және 22 желтоқсанында «Өскемен медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК-да «Мен – донормын!» атты ұранмен донорлық акция өтті.

Болашақ медицина қызметкерлері-студенттер ШҚ ОҚО-да қан компоненттерінің қорын толықтыру мақсатында өздерінде донорлық күндер ұйымдастырды. Донор күнінің бастамашылары «Медицина жастары».

«Біздің ойымызша, өз өмірін медицинамен байланыстыратын кез-келген адам болашақта өзі емдейтін науқастар үшін қан тапсыруы керек және бұл міндет болып саналады. Мұқтаж адамдарға көмектесу-біздің ортақ парызымыз. Әсіресе, бүгінгі таңда бүкіл қоғам коронавирусқа қарсы тұрғанда!»- деп атап өтті «Өскемен медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ КМК студенттері.

Акцияның барлық қатысушыларына жан мейірімділігі үшін үлкен алғыс білдіреміз!

Біздің донорларымызға зор денсаулық және отбасыларына амандық тілейміз!

Құрметті Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ – нің студенттері, оқытушылары және қызметкерлері!Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33