«Ер – елінің қорғаны!» донорлық акциясы

«Ер – елінің қорғаны!» донорлық акциясы

Бүгін, 2023 жылғы 5 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында Қызыл Жарты Ай қоғамының ШҚО филиалымен бірлесіп Ер – елінің қорғаны!» атты ұранмен донорлық акция өтті.

Таңертеңнен бастап Қазақстанның ержүрек қорғаушылары қан тапсыру үшін кезекке тұрды және осылайша ұзақ мереке күндері ШҚ ОҚО қан компоненттерінің қорларын толықтырды.

Бұл күні донациядан кейін барлық донорлар алдағы «Отан қорғаушылар күні» және «Жеңіс күні» мерекелеріне орай біздің серіктесіміз Қызыл Жарты Ай қоғамының ШҚО филиалынан сыйлықтар алды.

Құрметті біздің ер азаматтар, қан орталығының барлық ұжымының атынан барлық донорларға бастамашылдығы мен бейтаныс адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесуге деген ұмтылысы үшін алғыс айтуға рұқсат етіңіздер! Өйткені, Сіз донор бола отырып, біреудің қайғысына бей-жай қарамайсыз, науқастарға өмірінің қиын кезеңінде көмектесесіз. Сіз үшін өмірдегі ең үлкен марапат Сіз өмір сүру қуанышын сыйлаған пациенттердің алғысы болсын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт және отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

«Jusan Bank» АҚ Өскемен филиалында Донор күні өтті!Протокол №1

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33