Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ – да «Батыл бол, студент!» атты ұранмен донорлық марафон

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ – да «Батыл бол, студент!» атты ұранмен донорлық марафон

2013 жылдан бастап оқу жылының басында және соңында облыстың көптеген жоғары оқу орны мен орта оқу орындарында “Батыл бол,студент” ұранымен донорлық марафон басталады.

Биыл донорлық марафон 2022 жылдың 20 сәуірінде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде (Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ) басталды. Бұл күндері “Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК (бұдан әрі-ШҚ ОҚО) қан компоненттерінің қорын толықтыруға университеттің шамамен 150 студенттері мен оқытушылары ат салысты.

“Бүгінде ШҚО денсаулық сақтау ұйымдарындағы барлық пациенттердің қан құю үшін барлық қажетті қан компоненттерін үздіксіз және қажетті көлемде алуы – донорлардың, соның ішінде студенттердің арқасында. Айта кету керек, қоғамда әлеуметтік жауапкершілік деңгейі өсіп келеді және бұл әсіресе жас ұрпақ арасында жағымды. Студенттер арасындағы мейірімділік марафонын басқа оқу орындары да қабылдайды деген үміттеміз!”- деп атап өтті ШҚ ОҚО халықты донорлыққа үгіттеу жөніндегі маман Мира Мустафина.
Жалпы, донорлық марафонның бірінші айында 100 cтудент қан тапсырды, осылайша ШҚ ОҚО-да қан компоненттерінің қорын 45 литрге толықтырды.

ШҚ ОҚО осы марафонның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына зор алғысын білдіреді. Жылы жұмыс атмосферасын құрғаны үшін, бейтаныс науқастарды құтқару үшін өз бөлшектерімен бөлісуге дайын болғаны үшін, донорлық қан қажет адамдарға көмектесуге ниет білдіргендері үшін алғыс айтамыз. Науқастардың өмірін құтқаруға ат салысқан донорлардың барлығына рахмет!

ШҚ облыстық қан орталығындағы қан мен оның компоненттерін дайындау бөліміХаттама №10

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33