Донарға арналған жазба

Желідегі түрлі қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың арқасында қан тапсыруға өтініп шақыруды жиі көруге болады, олар «Интернеттің» барлық желісінде өте белсенді тарайды. Әдетте, байланыс үшін туысының телефонын жазады. Белсенді қала тұрғындары, оқиғаның егжей-тегжейін нақтыламай, зардап шеккен адамға және оның туысқандарына көмек көрсетуге ниет білдіріп, бірден қан тапсыруға барады.

Жалған ақпаратты болдырмау үшін, ең алдымен қан орталығына қоңырау шалып, тіркеу орнының қызметкерлерімен 700808; 703838 телефондары арқылы хабарласып және осы ақпараттың өзектілігін нақтылау қажет, себебі бұл ескі ақпарат болуы мүмкін және қан сіздің қалаңызда қажет емес болады. Сондай-ақ, қан орталығында жеткілікті мөлшерде қорлар бар болғандықтан, бұл компоненттерге мұқтаж болмауы мүмкін.

Мінсіз нұсқа деп Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының http://www.vkock.kz ресми сайтында «Донорлық бағдаршам» түрінде жарияланатын қан мен оның компоненттерінің белгілі бір топтарына қажеттілік туралы ақпараттық постты есептеуге болады, сондай-ақ, қан орталығының әлеуметтік желілердегі аккаунттарында, мына сияқты:

Facebook – ШҚОҚО

VK – «Шығыс Қазақстан облысының қан орталығы» тобы

Instagram – centrkrovioskemen

OK – ШҚОҚО.

Дәл осы ресми ақпараттық көздерінде қан орталығына немесе донорлыққа қатысты барлық ақпарат күн сайын жаңартылып отырады және шынайы болып табылады.

Егер Сіз біреу үшін немесе белгілі бір емделушіге қан немесе оның компоненттерін тапсыруға ниет білдірсеңіз, онда тікелей қан орталығына баруыңыз қажет.

Дәл осы қан орталығына медициналық ұйымдардан қан компоненттерінің нақты санына өтінімдер келіп түседі.

Орталыққа барар алдында қан және оның компоненттерін тапсыруға қалай дайындалу туралы ақпаратпен, сондай-ақ қан орталығының жұмыс тәртібімен алдын-ала танысу қажет. Бұл ақпарат, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының барлық ресми парақшаларында жарияланады.

Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында донорларды қабылдау аптасына бес күн, сағат 8:00-ден 13:00 дейін жалғасады.

Қажетті қан компоненттерін беру мерекелер мен демалыс күндері де, түнде де тоқтатылмайды. Қан қызметі тәулік бойы жұмыс істейді.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33