«ШҚО Әділет департаменті» РММ қызметкерлері облыстық қан орталығында болды

«ШҚО Әділет департаменті» РММ қызметкерлері облыстық қан орталығында болды

2021 жылдың 09 қыркүйегінде «ШҚО Әділет департаменті» РММ қызметкерлері облыстық қан орталығында болды. Әділет қызметкерлерінің келуі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «30 игі іс» марафонын өткізу жоспарына сәйкес жүзеге асырылды. Бұл күні 15-тен астам Әділет қызметкері ерікті өтеусіз қан донорларының қатарына қосылды.
Айта кету керек, ШҚО Әділет департаментінің қызметкерлері осындай донорлық акцияларды тұрақты негізде өткізеді және облыста өтеусіз қан донорлығын белсенді қолдайды.
Бос уақытының шектеулі болуына қарамастан, қан орталығына келіп, донацияны жүзеге асырған, сол арқылы қан компоненттерін құюды талап ететін біздің облысымыздың науқастарына баға жетпес көмек көрсеткен барлық мемлекеттік қызметшілерге ерекше алғысымызды білдіреміз.

«Донор бол!» ұранымен донорлық акция өттіПротокол итогов №3 Тендер

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33