Облыстық қан орталығындағы сенбілік

Облыстық қан орталығындағы сенбілік

Көктем мезгілі – жыл мезгілдерінің ішіндегі ерекше мезгіл. Бұл мезгілде тіршіліктің жаңару кезеңі басталады. Қыстың суығы кетіп, қар еріп, жер бетінің көгеретін кезі. Күн жылынып, шөптер, түрлі гүлдер шыға бастайды. Баулардағы, көшелердегі, үй маңындағы ағаштар бүршік атып, түрлі-түсті гүлдер көздің жауын алады.сонымен қатар, көктеммен бірге көктемгі сенбіліктер де басталады.

Бүгін, 2021 жылдың 10 – ыншы сәуірінде облыстық қан орталығының тату ұжымы сенбілік ұйымдастырды. Табиғат тазалығы – денсаулық кепілі екенің әр адам жақсы түсінеді. Табиғат- адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады.  Табиғатты қорғаудың тағы бір мақсаты-экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.  Осыған орай, адамзат экология жағдайына жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Бүгінгі сенбілік жақсы өтті, ауа райы бізге шуақты күн сыйлады, қызметкерлер өз аумақтарын тазалап тәртіпке келтірді. Бұл іс – шараның ерекшелігі-бүкіл ұжым мүшелерінің сенбілікке белсенді қатысуы. Сенбілік-бұл тек аумақты тазарту ғана емес, сонымен қатар, адамдарға көтеріңкі көңіл-күй, жағымды эмоциялар сыйлайды. «Сенбілік ерекше құлшыныспен белсенді өтті. Енді біздің қан орталығымыздың айналасында және оған іргелес аумақта – тазалық пен тәртіп орнады», – деп атап өтті қан орталығының қызметкерлері.

Донор күні№7 хабарландыру

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33