Сенбілік облыстық қан орталығында

Сенбілік облыстық қан орталығында

Сенбілік – тазалық кепілі. Әр адам  сенбілікке  кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі.  Тазалықты жанына серік еткен облыстық қан орталығының ұжымы бүгін “Өскемен” аллеясын тазарту бойынша жалпықалалық және қан орталығының аумағында учаскелерді абаттандыру бойынша сенбілікке шықты. Барлығы аумақты қоқыстан тазартып, қурап қалған шөптерді жинап, гүлзарларды ретке келтірді, учаскелерді сыпырды. Ортақ күш-жігердің, ұйымшылдықтың арқасында бірнеше сағат ішінде аумақ қоқыстан тазартылып, барлық жерде тазалық орын алды.

Біздің ұжымдағы сенбілік-бұл аумақты абаттандыру және тазалау жөніндегі іс-шара ғана емес, бұл ұжымды одан да тату және ұйымшыл етуге тамаша мүмкіндік береді.

МƏМС”Донор – өмір сыйлаушы!” балалар суреті байқауының номинаттары

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33