Сенбілік – бұл игі дәстүр!

Сенбілік – бұл игі дәстүр!

Сәуір – тазалық пен тәртіпті орнатудың дәстүрлі уақыты, ал сенбілік – ұрпақтарды біріктіретін игі дәстүр. Осындай шаралардың бірі көктемгі тазалық жұмыстары болып табылады: біз тұратын үйдің аулалары және біз жұмыс істейтін іргелес аумақтарды тазарту. Көктемде қала таза және жайлы болуы керек. Өз қаламыздың таза да әдемі болуы өз қолымызда.

Қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталып, бүгін облыстық қан орталығының ұжымы бірлесіп сенбілікке шықты: «Өскемен» аллеясын тазарту бойынша жалпықалалық сенбілік және қан орталығының аумағында аймақтарды абаттандыру бойынша сенбілік өтті. Қызметкерлер аумақты ретке келтіруге ерекше құлшыныспен белсене кірісті: олар маңайды қоқыстан тазартып, шөп жинап,гүлзарларды ретке келтіріп, сыпырды. Ортақ күш-жігердің арқасында бірнеше сағат ішінде аумақ өзгеріп, барлық жерде тазалық орнады.
Сенбілік – бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Өзі тұратын жерге жаны ашып, оның тазалығына көңіл бөлу – азаматтық парыз. Әр адам сенбілікке кішкене де болса атсалысып, үлесін қосса тазалыққа деген жауапкершілігі де арта түседі. Сенбілікке шығу арқылы тазалыққа деген жауапкершілікті нығайтады.

Құрметті донорлар және «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК – ның келушілері!Өскемен қаласы мен облыс тұрғындарын ГБЖ донорларының қатарына қосылуға шақырамыз!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33