Құрметті Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары, қонақтары!

Құрметті Өскемен қаласының және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары, қонақтары!

Биыл 14 маусымда «Қан тапсыру-ынтымақтастық актісі. Донор болыңыз және өмірді сақтаңыз!» атты ұранмен бүкіл әлемде Дүниежүзілік қан доноры күні атап өтіледі. Бұл күні біз өз еркімен өтеусіз, адам өмірін құтқару үшін қажетті қан тапсыратын барлық адамдарға алғысымызды білдіреміз және тұрғындар арасында тұрақты қан тапсыру қажеттілігі туралы хабардарлықты арттырамыз.

Осындай айтулы күні, 2022 жылғы 14 маусымда «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да Донор күні қайырымдылық акциясы өтеді, онда әрбір адам тегін қан тапсыра алады.

Акция барысында барлық өтеусіз донорларымызды:

1. «MMDance» би студиясы мен «Зевакин арнайы қызмет көрсету орталығы» КММ қатысуымен концерттік бағдарлама;

2. Серіктестеріміз дайындаған сыйлықтар;

3. Қызыл Жарты Ай қоғамы ШҚО филиалының мерекелік дастарханы күтеді.

Донорларды қабылдау сағат 8.00-ден бастап 13.00-ге дейін. Концерттік бағдарламаның басталуы сағат 10:00-де.

Біздің мекен-жайымыз: Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы, ЖМК ауд., Көкжал Барақ к-сі, 11, орталыққа №46, 17, 260 автобустарымен келуге болады «Қан орталығы» аялдамасы, анықтама телефондары: 70-08-08, 70-38-38, 87051761801, 87051761799, 87055005632, 87055005819, 87057520964.

Жеке куәлік түпнұсқасының болуы міндетті!!

Достар, жақын адамдарыңызды, достарыңызды, таныстарыңыз бен әріптестеріңізді қан тапсыруға шақыруды ұмытпаңыздар!!

Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу күнінеЖұқпаны диагностау зертханасы

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33