Құрметті Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері, оқытушылары және қызметкерлері!

Құрметті Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері, оқытушылары және қызметкерлері!

2022 жылғы 26 және 27 қазанда Серікбаев көшесі, 19 мекенжайында орналасқан Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің оқу корпусы базасында донорлық күндер өтеді. Донорларды қабылдау бірінші қабаттың залында сағат 9.00-ден 13.30-ға дейін жүзеге асырылады!

Өзгенің өміріне бей-жай қарамайтын университеттің барлық студенттерін, оқытушылары мен қызметкерлерін донацияға шақырамыз!

Қан тапсырғаннан кейін донорларға 2 демалыс күніне анықтама және 1000 теңге беріледі.
Біз өтеусіз донорлар қатарына қосылғысы келетін барлық ниет білдірушілерді қарсы алуға қуаныштымыз!

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет!

Достар, сіздерде университеттен шықпай-ақ науқастардың өмірін құтқарып қалуға жақсы мүмкіндік бар!

Осы мүмкіндікті қолданыңыз және ең маңызды сыйлық – науқасқа өмір сыйлаңыз!

«Қандас бауырлар!»Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33