Абай атындағы жоғары педагогикалық колледжде донорлық күндер

Абай атындағы жоғары педагогикалық колледжде донорлық күндер

23 және 24 қыркүйек күндері Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғары
педагогикалық колледжінде студенттер мен қызметкерлерді маңызды әрі игі іске
қанды өтеусіз донорлыққа біріктірген донорлық күндер өтті.
Донорлар қатарында болашақ педагогтарды көру ерекше қуантады. Олар
бүгінде-ақ мұғалім мамандығында аса маңызды саналатын қасиеттерді:
жауапкершілікті, жанашырлықты, бейжай қарамауды және көмекке әрдайым дайын
болуды танытып келеді.
Мұғалім – тек білім беретін адам ғана емес. Ол өз оқушыларына үлгі бола
білетін тұлға. Ал болашақ педагогтар өздері донорлық қозғалысқа қатыса отырып,
өзгелерге деген қамқорлықтың қарапайым, бірақ аса маңызды істерден басталатынын
өз іс-әрекетімен көрсетеді.
Шығыс Қазақстан жоғары педагогикалық колледжі ұжымына – басшылыққа,
оқытушыларға және басқа да қызметкерлерге донорлық қозғалысты қолдағаны,
белсенді азаматтық ұстанымы және игі бастамаларға қолдау көрсетіп, олардың нақты
жалғасын табуына мүмкіндік беретін орта қалыптастырғаны үшін ерекше
алғысымызды білдіреміз.
Біз өз донорларымызбен мақтанамыз! Қан тапсыруға келген әрбір адам қан
компоненттерін құюға мұқтаж пациенттерге көмек көрсетуге өз үлесін қосты.
Бүгін донорлық қозғалысты жастардың – жігерлі, жауапты және әлемді жақсы
жаққа тек сөзбен ғана емес, өз іс-әрекеттерімен де өзгертуге дайын жас ұрпақтың
қолдап отырғаны ерекше құнды.
Болашақ педагогтердің үлгісі барған сайын көбірек студенттер мен жастарды
донорлық қозғалысқа қосылуға шабыттандырсын!
Әрбір донорға және Абай атындағы колледждің бүкіл ұжымына адамгершілігі,
қолдауы және мейірімді жүректері үшін алғыс айтамыз!

ДОНОР КҮНДЕРІБекітілген қан өтеусіз донорлығын дамыту стратегиясын іске асыру аясында 2026 жылғы 18 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Қазақстанның барлық өңірінде «Жаңа адамдар» жастар қозғалысымен бірлескен акция өткізілуде

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33