Адалдық әрқайсымыздан басталады!
2026 жылғы 16 маусымда Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында «Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында ағартушылық түсіндіру іс-шарасы өтті.
Іс-шараның спикерлері – Ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру аясында, облыстық Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің қолдауымен өткен шарада Республикалық бизнес-тренерлер қауымдастығының мүшесі, «Тәуелсіз зерттеулер орталығы» ҚБ басшысы Жанар Қабидуллақызы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Серік Мизанбеков сөз сөйледі.
Кездесу барысында Орталық қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен оның салдары, оның алдын алудың тиімді тетіктері, сондай-ақ зандылық, әділдік және адалдық қағидаттарына негізделген қоғамды қалыптастырудағы әрбір азаматтың жеке жауапкершілігінің маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрбір адамның күнделікті іс-әрекетінен, заң талаптарын құрметтеуден және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушіліктен басталатынына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қатысушыларға Орталықта сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты қандай да бір мәліметтер немесе фактілер белгілі болған жағдайда, олар әрқашан Орталықтың комплаенс-офицеріне 8 (7232) 70-22-33 телефоны арқылы немесе сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның 1424 Call-орталығына хабарласа алатыны ескертілді.

