АИТВ-ға қарсы бірге

АИТВ-ға қарсы бірге

27.02.2025 ж.біздің қан орталығы қызметкерлерінің «Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі – «ШҚО ЖИТСО») мамандарымен бірлескен кеңесі өтті. Жиында «Қазақстан Республикасындағы және Шығыс Қазақстан облысындағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай», «2024 жылдың қорытындысы бойынша АИТВ-инфекциясын анықтау» атты баяндамалармен эпидемиология бөлімінің меңгерушісі С.К.Кенисбекова және «ШҚО ЖИТСО» эпидемиологы Т.М.Башкирцева сөз сөйледі. Кеңес соңында қан орталығы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Т.Н.Войнова шығарылатын компоненттердің инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қан орталығында өткізілетін іс-шаралар кешені туралы айтып берді. Кеңес барысында сондай-ақ зертханаға дейінгі кезеңде донорларды мұқият іріктеу, эпидемиологиялық анамнезді сапалы жинау және халықтың осал топтарының донорлыққа жіберілмеуі және т. б. мәселелер қаралды. Мамандардың көп жылғы ынтымақтастығы мен жоғары кәсібилігі үшін «ШҚО ЖИТСО» – на алғысымызды білдіреміз.

28 ақпан, Алғыс айту күні қарсаңында қан орталығының қызметкерлері өздерінің сүйікті донорларына алғыстарын білдіріп, ШҚО Қызыл Жарты Ай қоғамының филиалы серіктестерімізден «Рахмет донор!» білезіктерін сыйладыШығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК-да (бұдан әрі-ШҚ ОҚО) есепті апта өтті, онда құрылымдық бөлімшелердің, комиссиялар мен қызметтердің басшылары өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылдағы өздерінің өндірістік қызметі туралы есепті, сондай-ақ 2025 жылға арналған жұмыстың басым бағыттарын ұсынды

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33