Аккредиттеу қан қызметінің сапасына кепілдік
Бүгінгі танда Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы
аккредиттелген ұйым болып табылады. Аккредиттеу тіркеу кезеңінен бастап
медициналық ұйымдарға қан компоненттерін беруге дейінгі барлық
процестердің белгіленген талаптар мен қолданыстағы стандарттарға сәйкес
келетіндігін растайды. Аккредиттеу процестің барлық қатысушыларын
біріктіреді және донорлықты мүмкіндігінше қауіпсіз және құнды етеді.
Қан орталығы үшін:
•Ұлттық және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігі.
•Зертханалардын, жабдықтар мен процедуралардың сенімділігі.
* Персоналды үздіксіз дамыту және біліктілігін арттыру мүмкіндігі.
Донорлар үшін:
•Қанның қауіпсіз екеніне және оның сапалы өнделетініне деген сенім.
•Орталыққа деген сенім және олардың көмегі адамдардың өмірін
шын мәнінде сақтап қалатынына деген сенімділік.
Пациенттер үшін:
•Әрбір қан тамшысы тексерілген және қауіпсіз.
•Зертханалық талдаулардың нәтижелері дәл және сенімді.
•Құю кезіндегі медициналық көмектің жоғары деңгейі.
Аккредиттеу бұл сапаның, қауіпсіздіктің және сенімнің кепілі.


