«Сенің күнің, студент!» атты донорлық акция

«Сенің күнің, студент!» атты донорлық акция

2021 жылғы 03 қарашадан 12 қарашаға дейін облыстық қан орталығының бастамасымен Өскемен қаласының барлық жоғары оқу орындарында өткізіліп жатқан «Сенің күнің, студент!» атты донорлық акцияның бірінші аптасын Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің (Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ) студенттері бастап 2021 жылдың 03 және 04 қарашасында өздерінде донорлық күндер ұйымдастырды.
Университетте донорлық күндер сияқты іс – шаралар 2011 жылдан бастап жылына екі рет өткізіледі және үлкен табысқа ие, жыл сайын оған қатысушылардың саны артып келеді. Осы күндері донорлық қанды өтеусіз тапсыру бойынша акцияға қызметкерлер, оқытушылар және студенттер қатарынан 130 адам қатысты. Көбісі қан тапсырып қана қоймай, достарын да ала келді.
«Біз 2013 жылдан бастап өтеусіз қан тапсырамыз. Донордың, әсіресе ер адамның үнемі қан тапсыруы бүкіл ағзаның жаңару үрдісін белсендіреді, иммундық жүйе тұрақты болады, ағзаны жасартады, бұл көңіл күй мен денсаулыққа пайдалы!» – деп атап өтті университет оқытушылары.
Бұл күндері барлығы 85 адам өтеусіз қан тапсырды.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры Шаймарданов Жасұлан Құдайбергенұлына ынтымақтастығы және ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын түсінгені үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.
Акцияның барлық қатысушыларына үлкен рахмет!

Донорлық күнтізбеХаттама №18. БҰС

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33