Алаяқтардан сақ болыңыздар!
Бүгінгі таңда алдау және сенімге қиянат жасау жолымен, қазіргі заманауи технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасында азаматтарға қатысты алаяқтық жасалуда және Шығыс Қазақстан да бұдан тыс қалған жоқ. Алаяқтықтың алдын алу мақсатында ШҚО тұрғындары арасында полиция қызметкерлері ғаламтор -алаяқтықтың алдын алу бойынша іс-шараларды белсенді жүргізуде. Алайда, жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан, біздің қала тұрғындары алаяқтардың құрбанына айналуда.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты бүгін қан орталығына Өскемен қаласының Сол жағалау полиция басқармасының полиция қызметкерлері ШҚ ОҚО қызметкерлерімен түсіндіру сұхбатын өткізу үшін келді.
Әңгіме барысында иесінің білместен шоттан ақшаны есептен шығару, құпиясөздер мен ПИН-кодтарды ұрлау, ғаламторда оңай ақша табу және керемет пайыздар бойынша салымдар, онлайн-казино, инвестиция, қаражатты қате аудару сияқты тақырыптар көтерілді, мұның бәрі қаржылық алаяқтықтың түрлері.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері вирустық шабуылдар туралы, алаяқтарға сіздің банктік картаңызға кіруге мүмкіндік беретін зиянды бағдарламаны қамтитын кез – келген интернет-ресурсқа сілтемелері бар WhatsApp хабарламалары қазір ең қауіпті екендігі туралы айтты. Сондай-ақ, қылмыскерлер адамның сеніміне кіріп, алыпсатарлық жасайтындығы, алтын тауларға уәде беріп, ақшаны тартып алу үшін өздерің банк қызметкерлері немесе мемлекеттік ұйымдар ретінде таныстырып жататындығы туралы айтылды.
Құрметті шығысқазақстандықтар, алаяқтардың арбауынан сақ болыңыздар! Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, 102 нөміріне полицияға хабарласыңыз.Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!